tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Астанадан жүлдемен!

30 мая, 2025
0
Астанадан жүлдемен!

Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Сәуірбаева Мақпалдың жетекшілігіндегі оқушылар Лесбек Аружан, Нұршапағат Жетібаева, Жұмалы Назерке Астана қаласында алғаш рет өткен «Ана тілі» республикалық зияткерлік қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңінде өз білімдерін дәлелдеп, ІІІ орынға ие болды. Топтық сайыста жоғары нәтиже көрсеткен «Жауқазын» тобы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қола медальға, естелік сыйлықтарға ие болды.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл жобаны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе жүзеге асырды.

Олимпиадаға тіркелу 2025 жылғы 13 қаңтарда басталып, іріктеу кезеңі 8 ақпан күні онлайн форматта өтті. Республиканың барлық өңірінен 5 мыңға жуық 9-11-сынып оқушылары қатысып, білімдерін сынады.

2025 жылғы 20 мамырда олимпиаданың ақтық кезеңіне 64 командадан құралған 192 оқушы Астана қаласына келді. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен олимпиадада қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша сайысқа түсті:

  • «Пікірсайыс» – тақырып аясында ой бөлісу, дәлел келтіру және қарсы пікірге жауап беру арқылы пікірсайыс мәдениетін дамыту;
  • «Тілшілер» – эссе, мазмұндама және талдау жазу арқылы жазу мәдениеті мен ойды еркін жеткізу қабілетін көрсету;
  • «Білімпаздар» – ғылым мен білім тақырыбындағы 40 сұрақтан тұратын онлайн-викторинада қатысушылардың жылдамдығы мен алғырлығы сыналды.

Қазылар алқасының құрамында филолог-ғалымдар, «Білім-Инновация» лицейлерінің мамандары, әдіскерлер, сондай-ақ танымал тілші-жазушылар болды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Ардақты аналар марапатталды

Ардақты аналар марапатталды

«Мектебім, саған мың алғыс!»

«Мектебім, саған мың алғыс!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті