tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Әкім Нұралхан Көшеров төлебиліктермен кездесті

7 апреля, 2025
0
Әкім  Нұралхан  Көшеров төлебиліктермен   кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өңірді, ауданды дамыту бағытындағы жоспарларын айтты.

– Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өздеріңізбен кеңесе отырып, ауданды әрі қарай дамыту бағытындағы ұсыныс, талаптарыңызбен танысу маңызды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Төлеби ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсем, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауданда 2024 жылы 21 елді мекенде құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 8 елді мекенде электр желілерінің құрылысы толық аяқталды. Қостөбе елді мекенінде мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Көксәйек саз мектебі қосымша ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы 59 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылып, биылғы жылы 482,7 млн теңгеге 72 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 15 маманға 5,9 млн теңге көлемінде бірреттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 36,9 млн теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 22,4 пайызға, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,8 пайызға өсті.

2025 жылы Төлеби ауданындағы 11 елді мекенде құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылады. 8 елді мекендегі 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 505 млн теңге қарастырылды. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 14,1 млрд теңгеге салынып жатқан 3 мектептің ғимараттары тамыз айында пайдалануға беріледі.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың жыл қорытындысы мен биыл атқарылатын жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан облыс әкіміне инфрақұрылым және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өтініштер түсті.

Одан кейін өңір басшысының жеке қабылдауы өтіп, тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдар назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Тәжірибелі мейірбикелер

Тәжірибелі мейірбикелер

Қарттардың жанашыры

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті