tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қосалқы станция мамыр айында іске қосылады

7 февраля, 2025
0

Ленгір қаласында қосалқы электр станциясын салу көптен бері әңгіме болып келді. Кезінде қалада жаңа аурухана мен емхана құрылысымен қатар қосымша электр станциясын салу да бір мезгілде қолға алынбақ болған. Алайда түрлі себептермен қосалқы станция құрылысы кешеуілдей берді. Соңғы жылдары аудан орталығы қанатын кеңге жайып, тұрғын үй, халық саны жыл санап арта бастауына байланысты электр энергиясы тапшылығы айқын сезіле бастады.

«Ештен кеш жақсы» дегендей мемлекет тарапынан тиісті қаржы бөлініп, қосалқы электр станция құрылысы басталғанынан жергілікті тұрғындар хабардар болса керек. Қосалқы станция қашан пайдалануға берілмек? Бұл сауалды аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаевтың алдына көлденең тартқан едік:

– Ленгір қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ қосалқы электр станциясының 2022 жылы басталған құрылысы аяқталды. Ол биыл пайдалануға берілмек. Бұл нысан «Алатау», «Қазығұрт», «Шаңырақ» ықшам аудандарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстары аяқталса, 9720 тұрғын, 3100 жеке үй, 45 көпқабатты тұрғын үй, 16 әлеуметтік, 79 кәсіпкерлік нысан сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінде екі 10 МВт трансформатор, модульдік ғимарат пен ашық тарату құрылғысы (ОРУ) және 138 бағана орнатылып, ұзындығы 14 шақырым болатын екі тізбекті әуе желісі тартылды.

Абаттандыру жұмысы аяқталып, диспетчерлік каналдар мен электр энергиясын есептегіш автоматтық жүйелер (АСКУЭ) орнатылып, интернет желісіне қосылды.

Қосалқы станцияның іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталып, қазіргі күндері мердігер сынақтан өткізу жұмыстарын атқаруда. Бір сөзбен айтқанда, құрылыс жұмыстары 100 пайыз аяқталды. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мердігер мекеме мамандарымен бірлесіп қосалқы станция мен жоғарғы кернеулі электр желісін тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қосалқы станцияны алдағы мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мердігер мекеме – «Алматы мәдениет тұрмыс құрылыс» акционерлік қоғамы екен.

Иә, көктем қыр астында тұр, майсалы мамыр айы да көп күттірмес.

С.ОРЫНБАСАР.

ShareTweetPin
Next Post

«Көктем-2025» оқу-жаттығуы

Тазалық – баршаға міндет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті