tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жаңа әкім, жаңа ұсыныстар

31 января, 2025
0
Жаңа әкім, жаңа ұсыныстар

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бекітілген кестеге сай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келгендер негізінен тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, балалар ойын алаңшасын орнату, көп-қабатты үйлер ауласын жөндеу, ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, ауыз су сапасына, жоғары кернеулі трансформатордың қуаттылығына қатысты шағымдарын жеткізді. Жеке кәсіпкер «Шұғыла» тігін цехының жұмысымен таныстырса, инвестор аудан орталығынан жекеменшік мектеп ғимараты құрылысы үшін жер телімін қарастыруды өтінді. Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Жеке меншіктегі жер телімінің санатын өзгертуді сұранып, инвестициялық жобасымен таныстырды. Жер, жол, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.

Аудан басшысы тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізілетінін түсіндірді. Ешкімнің де кезексіз пәтер алмайтынын айтты.

Қабылдауға келгендердің өтінішін мұқият тыңдаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, барлық өтініштердің орындалуын бақылауға алу үшін хаттама толтырылды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Шебердің қолы алтын

Шебердің қолы алтын

Шәкіртіміз – республика чемпионы

Шәкіртіміз – республика чемпионы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті