«Болашақ» жоғары колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың V және VI шақырылымдардағы депутаты, Шымкент қаласының, Төлеби ауданының Құрметті азаматы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Саттар Қуашбай Халықаралық ақпараттану академиясының академигі ғылыми атағын алды.
Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ғалым-педагог – «Парасат», «Құрмет» ордендерінің, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін», «Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығы», «Батыр шапағаты» медальдарының иегері, 6 оқулық, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.
«Төлеби-ақпарат».


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf