ОҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерінің тұздану мәселесі талқыланды

Жалпы Оңтүстік өңірі республикадағы бірден бір аграрлық аймақ. Осылай деген облыс басшысы жердің тұздану мәселесін шешуді тездету керектігін атап өтті. Себебі ауылшаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда,...


Толығырақ...

Сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы Астанада қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шуағын төккен көктемгі мереке - Наурыз қарсаңында, 20 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады. Бұл туралы «Астана-Опера» театрының баспсөз қызметі хабарлады Басты...


Толығырақ...
12

Сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы Астанада қойылады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Шуағын төккен көктемгі мереке - Наурыз қарсаңында, 20 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады. Бұл туралы «Астана-Опера» театрының баспсөз қызметі хабарлады Басты партияларда өнер көрсететін қазақстандық белгілі опера әншілері: Бiржан - мәнерлі тенор Мейір Бәйнешов, Сара - тамаша даусы сахнадағы ойнау шеберлігімен ұштасқан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Жарқымбаева.

 

Қызғаншақ Алтынайдың партиясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жарқыраған опера әншісі Бибігүл Жанұзақ, Аналықтың партиясын сезімталдығымен көрерменнің жүрегін қозғайтын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина асқан шеберлікпен шырқайды. Естайдың рөлінде - Нарұл Тойкенов. Жанбота - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, Жиенқұл - жас баритон Талғат Ғалеев, Серік - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин, Қожағұл - Ескендір Әбжанов.

«Біржан-Сара» операсының сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өтсе де, ол бүгін де ұлттың және жалпы адамзаттың мәдени-поэзиялық тәжірибесінің синтезінен туындаған сарқылмас өнердің күш-қуаты ретінде мысал болып қала береді.