ОҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерінің тұздану мәселесі талқыланды

Жалпы Оңтүстік өңірі республикадағы бірден бір аграрлық аймақ. Осылай деген облыс басшысы жердің тұздану мәселесін шешуді тездету керектігін атап өтті. Себебі ауылшаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда,...


Толығырақ...

Сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы Астанада қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шуағын төккен көктемгі мереке - Наурыз қарсаңында, 20 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады. Бұл туралы «Астана-Опера» театрының баспсөз қызметі хабарлады Басты...


Толығырақ...
12

5115 соғыс ардагері Елбасының атынан жаңажылдық сыйлықтар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық қазақстандық соғыс ардагерлері Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар алады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.   

 

Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ.

Жаңа жыл қарсаңында, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Президентінің бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы өтеді.

 

 

 

Республикада тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар жиынтығын тапсыратын болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнаулы іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысының қатысуымен мерейтойлық салтанатты әскери шеру өткізу жоспарлануда.