ОҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерінің тұздану мәселесі талқыланды

Жалпы Оңтүстік өңірі республикадағы бірден бір аграрлық аймақ. Осылай деген облыс басшысы жердің тұздану мәселесін шешуді тездету керектігін атап өтті. Себебі ауылшаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда,...


Толығырақ...

Сахналанғанына 70 жылға жуық уақыт өткен «Біржан-Сара» операсы Астанада қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шуағын төккен көктемгі мереке - Наурыз қарсаңында, 20 наурызда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады. Бұл туралы «Астана-Опера» театрының баспсөз қызметі хабарлады Басты...


Толығырақ...
12

Астана әкімі Елбасының атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жаңа жылмен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпы ұлттық акциясы аясында Астана қаласының әкімі

Елбасының атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Әділбек Жақсыбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері Раиса Сафоничеваға, Тезекпай Әбдірахмановқа және Владимир Кальсинге зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, сыйлықтар табыс етті. 

«Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың

 

құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты өмір, сіздерге және жақындарыңызға барлық жақсылықты тілеймін», - деп елорда әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың

құттықтауын ардагерлерге оқыды.

Ардагерлер Мемлекет басшысына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтынан.