Ленгір қаласының 1-мөлтекауданындағы №4, №5, №6 үйлердің тұрғындары көтерген мәселеге сәйкес, көптен күткен аула инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүзеге асырылды. Нәтижесінде көпқабатты үйлердің ауласына заманауи, қауіпсіз және балалардың дене дамуына қолайлы жаңа ойын алаңшасы орнатылды.
Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ойын алаңшасы қазіргі уақытта балалардың игілігіне қызмет етуде. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және жас өскінге жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Қала басшысы өз сөзінде: «Жаңа ойын алаңшасын баршамыз бірге күтіп ұстайық. Құрылғылар балаларға арналғанын ескеріп, ересектердің орынсыз пайдаланбауын сұраймыз. Ортақ мүлкімізді сақтай отырып, балалар үшін қауіпсіз әрі таза орта қалыптастырайық!» – деп, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке шақырды.
Бұл игі іс – қоғам мен билік арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың және жергілікті биліктің тұрғындардың ұсыныстарын ескерусіз қалдырмағанының көрінісі.
«Төлеби-ақпарат».




