tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Құттықтаймыз!

Нұрбол Аманжолов – мемлекеттік награда иегері

21 ноября, 2025
0
Нұрбол Аманжолов – мемлекеттік награда иегері

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлерін марапаттап, олар дың ел экономикасын нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті. Еліміздегі аграрлық саланың дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге адал қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар табысталды.

Сол үздіктердің қатарында өз ісінің майталманы, төлебилік Аманжолов Нұрбол Орынбасарұлы да бар. Ол мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі және ауыл экономикасын ілгерілетуге сіңірген табанды еңбегінің арқасында ел Президенті Қ.Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Айта кетейік, бұл награда еліміз бойынша 6 азаматқа бұйырды.

Шопандықты кәсіп еткен «Жомарт» шаруа қожалығының басшысы Нұрбол Орынбасарұлы талай жылдан бері төрт түлікті көбейтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның тәжірибесі, еңбекқорлығы үлкен құрметке ие.

Төлебилік шаруаның ел Президентінің қолынан мемлекеттік награда алуы – ауыл еңбеккерлерінің қоғамдағы орны зор екенінің дәлелі.

Еліміздің аграрлық саласына өз үлесін қосып жүрген Нұрбол Орынбасарұлының еңбегі ауыл шаруашылығында аянбай тер төгіп жүрген барша еңбек адамдарына үлгі болары сөзсіз.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Төлебидегі туристік жобалар инвесторлар назарында

Төлебидегі туристік жобалар инвесторлар назарында

Жаңа ойын алаңшасы

Жаңа ойын алаңшасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті