tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Еңбек адамы

Тәжірибелі мейірбикелер

7 апреля, 2025
0
Тәжірибелі мейірбикелер

«Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешенінде емделіп, демалушыларға қызмет етіп жүрген бірнеше зейнеткерлерді кезіктірдік. Солардың бірі – Рысжан Тұрғынбайқызы Аманқұлова. Медицина саласындағы еңбек өтілі – 42 жыл. Рысжан Тұрғынбайқызы Ленгір қаласының тумасы екен. Қаладағы №5 орта мектепті орысша бітірген соң, осындағы медициналық училищеге оқуға түсіп, оны 1979 жылы бітіріп шығады. Жолдамамен сол жылы облыстық аурухананың оңалту бөліміне мейірбике болып жұмысқа орналасады. Осындағы білікті хирург, терапевт, жүйке жүйесі дәрігерлерінен, аға буын мейірбикелерден өз мамандығының қыр-сырын үйреніп, мол тәжірибе жинақтайды. Талай ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқастардың өмірін аман сақтап, қатарға қосылуына көмегін аямайды. Олардың алғысына бөленеді. Онда он жылдай еңбек етеді. Отбасы жағдайына байланысты Ленгір қаласына көшіп келіп, 1990 жылы қалалық емханада мамандығы бойынша жұмысын одан әрі жалғастырады. Онда тапжылмай 32 жыл жұмыс істейді. Медицина саласындағы адал еңбегі бағаланып, аурухана әкімшілігінің, облыстық денсаулық сақтау департаментінің грамоталарымен марапатталады.

Біраз жылдан бері Рысжан Тұрғынбайқызы «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешенінде жұмыс істеп, емделушілерге медициналық қызмет көрсетіп келеді. Осындағы физикалық кабинеттегі «полимаг», «УДЗ», «дорсенваль», «УВЧ» сияқты медициналық аппараттарды іске қосып, емделушілерге ем жасайды. Бұл аппараттар адамның қан айналымын, бас ми қан айналымын жақсартып, қанды сұйылтады. Емделушілердің дерттерінен арылып кетуіне көмектеседі.

Осында мен де емделіп жүріп, емделушілердің Рысжан Тұрғынбайқызына ренжігенін көрген жоқпын. Осы бір иманжүзді, мейірімді жаннан ем қабылдап, сауығып шыққанына алғысын жаудырып жатады.

Физкабинет жаз маусымында 100-120, қыс мезгілінде 70-80 адам қабылдап, емдейді.

Физикалық кабинетте жұмыс істеп жүрген зейнеткердің екіншісі – Сәндіқыз Сыдыққызы Бүркітбаева. Ол 1966 жылы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіндегі Теректі ауылында өмірге келген. Глинково елдімекеніндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген. Ол алғашында мұғалім болғысы келген. Кейіннен ол арманын өзгертті. Оған себеп әжесі аурушаң болды. Біреудің көмегінсіз орнынан тұрып, отыра алмайды. Көбінесе оған немересі Сәндіқыз қарайды. Өйткені әке-шешесі күні бойы жұмыста. Әжесіне жаны ашып, оны емдейтін медицина қызметкері болсам деп алдына мақсат қояды.

Арман қуып, Ленгір қаласындағы медучилищеге келіп, құжат тапсырады. Жолы болып, оқуға түседі. Медучилищені бітірген соң Ленгірдегі ауруханаға мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Зейнеткерлікке шыққанша мейірбике болып қызмет атқарады. Біраз жылдан бері «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешенінде еңбек етіп жүр. Ол өзінің бай тәжірибесін, емделушілерді қалай емдеу, олармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жөніндегі іс-тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүр. Медицина саласындағы қажырлы еңбегі үшін науқастардың алғысына бөленіп, әкімшілік тарапынан бірнеше рет Алғыс хат алған.

Мекеменің бас мейірбикесі Роза Түймешқызынан осында еңбек етіп жүрген зейнеткерлер туралы пікірін білген едік. Ол былай деді:

– Бұл зейнеткерлер өз мамандығының шеберлері, тәжірибелері мол жандар. Өз міндеттеріне адал қарайды. Емделушілердің психологиясын жақсы біліп, олармен адами қарым-қатынас жасай біледі. Сондықтан осында жұмыс істейтін жас мамандар олардан үлгі алып, тәжірибесін үйренуі керек. Олар әлі тың, ширақ. Әлі де қоғамға берері көп.

К.ЕЛІКБАЕВ.

ShareTweetPin
Next Post
Қарттардың жанашыры

Қарттардың жанашыры

Түркістан облысы бойдақтар көшін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Мерекеде баспаналы болды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті